Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Шілде, 2024

Астанада мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы өзара байланыстың жаңа тәсілдері талқыланды

Бүгін елордада «Әлеуметтік әріптестіктің тиімді механизмдері» атты республикалық семинар басталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасында өзара тиімді байланыс жасау үшін тәжірибе алмасу, жаңа тәсілдерді әзірлеу мақсатында және Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың III отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында өткізілді.

Семинарға өңірлік Қазақстан Азаматтық Альянстары, «Сенімен Болашақ» РҚБ өңірлік филиалдары көшбасшылары және өңірлердегі ішкі саясат басқармаларының басшылары қатысып жатыр.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова диалог алаңдары мемлекет, ҮЕҰ және азаматтар үшін тікелей диалог алаңына айналуы тиіс және нәтиже, қоғамның өзара байланыс жасау форматының сапасына байланысты екенін атап өтті.

Семинар барысында мемлекет пен қоғамның синергиясы, құқықтық сауаттылық және азаматтық белсенділік мәселелесі сондай-ақ тиімді әріптестік үлгілерге қатысты мәселелер талқыланады.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат беріледі.

Фото: дереккөзден алынды

317 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз