- Құмсағат
- 25 Шілде, 2024
Сандуғаш Кенжебаева Астана жарысының ширек финалына өтті
Қазақстандық теннисші, әлемнің 1013-ракеткасы Сандуғаш Кенжебаева Астанада өтіп жатқан ITF W35 турнирінің екінші айналымына жолдама алды.
Қазақстандық жас теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 1268-орында тұрған әзербайжандық Мишель Джачангированың мысын басты.
Бірінші партияда Сандуғаш 7:5 есебімен басым түсті. Екіншісінде қарқынын тіпті үдетті – 6:1. Кездесу 1 сағат 19 минутта аяқталды.
Сандуғаш Кенжебаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 417-інші, осы жарыстың 2-ракеткасы, ресейлік Татьяна Прозоровамен таласады. Ол екінші айналымда отандасы Аглая Федорованы қапы қалдырды – 6:2, 4:6, 6:1.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 866-сатыдағы Соня Жиенбаева әлемнің 349-ракеткасы, оңтүстіккореялық Да Ён Бэкке жол берді – 5:7, 6:7 (1:7). Бұл тартысты матч 2 сағат 7 минутқа созылды.
633 рет
көрсетілді0
пікір







