- Аймақ тынысы
- 25 Шілде, 2024
Үш адамның өліміне себепкер болған жүргізуші сотталды

СҚО-да жол ережесін бұзып, 3 адамның өліміне себепкер болған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты.
Сотта анықталғандай, 2 ақпанда сағат 17:00 шамасында Есіл ауданы Петровка ауылының маңындағы «Жезқазған-Петропавл» тасжолында жүргізуші «HOWO» жүк көлігімен келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан «Toyota Camry» жеңіл автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан екінші көліктің жүргізушісі, екі жолаушы қаза тауып, тағы екі жолаушы әртүрлі дәрежедегі дене жарқатын алған.
Сотталушы кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұрады. Алайда оның кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындысымен және істің басқа материалдарымен дәлелденді.
Сот үкімімен ҚР ҚК-нің 345 бабы 4 бөлігіне сәйкес («Абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге, екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан автомобиль басқарушысы адамның жол жүру ережерелін бұзуы») көлікті жүргізу құқығынан 7 жылға айыра отырып, ҚАЖ-нің қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеумен, 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, – делінген сот хабарламасында.
фото: inbusiness.kz

786 рет
көрсетілді0
пікір