Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 27 Шілде, 2024

Парижде 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті

Парижде  2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Салтанатты рәсім спортшылар шеруінен басталды.  Биылғы ерекшелік – шерудің Сена өзенінде өткені. Делегация елдер қайықтарға жайғасып, Аустрелиц көпірінен Трокадеро алаңына дейінгі аралықта алты шақырымды жүзіп өтті. Қазақстан командасы Жапония, Иордания және Кениямен бір қайықта болды. Еліміздің туын Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова алып шықты. 
 

Спортшылар шеруі кезінде Париж алып театрға айналды. Концерттік бағдарлама 12 бөлімнен құралған. 

Биыл шоу спортшылар шеруімен қатар жүрді. Ашылу салтанатында алғаш болып америкалық әнші Леди Гага өнер көрсетті. Ал қойылымның негізгі сюжеті керемет бағдарлама аясында құпия сақталған алауды алып жүруші болатын. 

Шоудағы барлық оқиға Париждегі танымал орындарда өтті. Атлеттер Сена өзенінде жүзіп өткенше әртістер үйдің   төбелерінде, көпірлерде, түрлі тарихи орындарда өнер көрсетті.
Ашылу салтанатының соңғы бөлімдерінің бірінде түрлі Олимпиада ойындарынан фотолар мен видеолар ел назарына ұсынылды. Ұйымдастырушылар осы арқылы олимпиадалық құндылықтың маңызын көрсетті. 

2548 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз