Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Шілде, 2024

«4 және одан да көп жолағы бар жол салу қажет» - Министр

Қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру – жол-көлік оқиғаларын азайтудың негізгі элементі.

«Халықаралық тәжірибе жол инфрақұрылымының апатқа тікелей әсері бар екенін дәлелдеді. Қазір республикалық жолдардың тек 3%-ы ғана қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Осындай жолдарды жөндеген соң адам шығыны бірнеше есе азайды», — деді Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Министр қала сыртындағы жолдардың күрделі жағдайына тоқталып өтті. Олардың қазіргі жағдайы ауыр апаттарға әкеліп соғуда. Жыл басынан бері жол қауіпсіздігін жақсарту бойынша 24 мыңнан астам нұсқама берілді. Сонда да апаттар саны азаймай тұр.

Бұған қоса министр шұғыл түрде 4 және одан да көп жолағы бар 6 мың шақырымнан астам жол салу қажет екенін атап өтті.

425 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз