Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Шілде, 2024

Құтқарушылар ШҚО тауларында жарақат алған әйелді эвакуациялады

Катон-Қарағай ауданында Мұзтау тауының етегінде серуендеу кезінде туристік топ құрамында 1973 жылы туған әйел аяғын жарақаттап алып, өз бетінше таудан түсе алмады. Медициналық көмек пен тасымалдауға мұқтаж болды.

Оқиға орнына ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы, апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен дәрігерлерінің ұшуы ұйымдастырылды.

Зардап шегушеге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Өскемен қаласына эвакуацияланды және жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

473 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз