Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Шілде, 2024

Алматыда «Graff» ТҮК соттың шешімімен бұзылады

Алматыдағы «Graff» тұрғын үй кешені сот шешімімен бұзылады. Ғимарат «Ерменсай» шағын ауданындағы үш жер телімінде рұқсатсыз салынған.

2023 жылдың 20 қаңтарында қала құрылысын бақылау басқармасы бұзушылықтарды жою туралы бұйрық шығарды. Бірақ тапсырыс беруші талаптарды орындамады. 24 шілдеде сот басқарманың бұзу туралы талабын қанағаттандырды. Апелляциялық сот 19 қазандағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Нысан сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла басталды. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында былтыр жыл басынан бері 40 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Алма Гарден» ТҮК және т.б. толық немесе жартылай бұзылды.

463 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз