Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Шілде, 2024

Қазақстандық оқушылардың жүлде қоржыны тағы бес халықаралық медальмен толықты

Гонконгте IEO-2024 халықаралық экономика олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі аяқталды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Оған әлемнің 53 елінен 250-ден астам оқушы қатысты.

Еліміздің намысын қорғаған бес қатысушының барлығы жүлделі атанып, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды:

Айдархан Жұбатқан — Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;

Жәңгір Ильжанов —Алматы облысы «Дана» мектебінің 10-сынып оқушысы;

Әлия Мұсаева — Алматы қаласы №165 мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы;

Томирис Ыдырысбаева — Астана қаласының НЗМ 12-сынып оқушысы;

Батырхан Мұхтархан, Қарағанды қаласының ХМБ НЗМ 9-сынып оқушысы.

Команда жетекшілері:

Нұрсұлтан Нұрмұханов  - Назарбаев Университетінің магистрі; Медет Жамбаев – «Дарын» РҒПО-ның педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері.

 

Қазақстан командасы өткен жылмен салыстырғанда жалпы командалық есепте 10-нан жоғары сатыға көтеріліп, ең жоғары нәтижелерді көрсетті. Осылайша, біздің оқушылар әлемдегі ең мықты 10 команда және бизнес-кейс бойынша 7 команда қатарына кірді. Бұл нәтижеге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен экономика бойынша олимпиадалық резерв арасында алғаш рет өткізілген іріктеу мен оқу-жаттығу жиындарының арқасында қол жеткізілді.

Анықтама үшін: Салыстыру үшін, өткен жылы біздің құрамамыз жалпыкомандалық есепте 21-орында және бизнес-кейс бойынша 22-орында болған еді. Ол кезде ел құрамасы 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Фото: gov.kz

399 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз