Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Шілде, 2024

Қазақстан мен Қатар киберқауіпсіздік саласында ынтымақтастық орнатпақ

Доха, 2024 жылғы 29 шілде – Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев Қатар Киберқауіпсіздік агенттігінің төрағасы Әбдірахман Әл-Мәлкимен кездесті.

Сұхбат барысында киберқауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесу жолдары, оның ішінде киберқауіптерден қорғау және электрондық деректер мен жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Тараптар кибершабуылдардың алдын алу және осы саладағы мамандарды даярлаудағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Осыған орай, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде тренингтер ұйымдастыру және зерттеулер жүргізу мақсатында құқықтық базаны кеңейтуге өзара дайындық расталды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі нығайту бойынша екіжақты байланыстар мен іс-шаралар жоспарын қарастырды.

Фото: СІМ

324 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз