Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 31 Шілде, 2024

Боксшы Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы Олимпиаданы бірінші жекпе-жегінде аяқтады.

Бокстан сынға түскен боксшы Махмұд Сабырхан жеңіліске ұшырады. 22 жастағы Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде Хосе Кильес Бростонсқа (Испания) жол берді.

Үш раундтан кейінгі төрешілер есебі: 1-4.

Айта кетейік, Махмұд әлем чемпионы (54 кг, 2023) және күміс жүлдегері (54 кг, 2021), Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Ал 26 жастағы Хосе - Еуропа ойындарының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері.

Фото: olympic.kz

645 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз