- Айна
- 01 Тамыз, 2024
Театр қызметкерлері кезекті маусымды аяқтап, демалысқа шықты

Алматы театрларының артистері мазмұнды маусымды аяқтап, демалысқа кетті. Осы уақыт ішінде 3000 спектакль сахналанған, оның 52-сі премьера. 700 мыңнан астам көрермен он мемлекеттік театрда драмалық, опералық және балеттік қойылымдарды көрді.
Алматы мемлекеттік қуыршақ театры 1200 спектакль қойып, 82 мыңнан астам көрермен қабылдаған. Театр маусымды салтанатты түрде аяқтап қана қоймай, Канададағы халықаралық фестивальде бас жүлде жеңіп алды. Биыл театр жаңғыртылды, енді 90 жылдық мерейтойын атап өтеді.
«Алатау» дәстүрлі өнер театры да сырт қалмақ емес, онда бір маусымда 76 спектакль сахналанып, 53 200 көрермен көрген, сондай-ақ шетелде өнер көрсетті.
Ең көп тұсаукесер премьера Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрында болды, онда 13 жаңа қойылым көрсетілген.
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрына 130 мыңнан астам көрермен барған.
Жаңа маусым қыркүйек айында басталады. Сол уақытқа дейін артистер тың күш жинап, режиссерлер жаңа қойылымдар дайындайды.

660 рет
көрсетілді0
пікір