- Айна
- 02 Тамыз, 2024
Алматыда 15 мың бала «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан төлем алады

Алматыдағы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 15 мыңнан астам балаға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алу үшін 55 мың теңгеден көмек беріледі. Қаржы «Жалпыға бірдей оқыту» қорынан бөлінеді.
Кімдер көмек алады:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
- табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;
-жетім және қамқорлықсыз қалған балалар;
- ТЖ зардап шеккен отбасылардан шыққан балалар;
- білім беру ұйымы алқалы органының ұйғарымы бойынша.
Сондай-ақ, осы санаттарға жатпайтын оқушыларға «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында демеушілер мен меценаттар қолдау көрсетеді.
Егер балаға көмектескіңіз келсе, аудандық білім бөліміне жүгініңіз!

776 рет
көрсетілді0
пікір