Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Тамыз, 2024

Дени Сассу-Нгессо Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі өзара ынтымақтастықты нығайта түсетінін айтты

Дени Сассу-Нгессо Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конгоға дипломатиялық өкіл тағайындау туралы шешімі өзара ынтымақтастықты нығайта түсетінін айтты.

"Шын мәнінде, Сіздің бұл шешіміңіз Қазақстан мен Конго арасындағы өзара ықпалдастықты дамытуға деген ұмтылысыңызды анық көрсетеді. Біз жүзеге асыруға келіскен жобалар бойынша екі ел үкіметтері бірқатар келісім әзірледі. Мұның екі елге де пайдалы болары сөзсіз. Кейінгі жылдары Қазақстан даму жолында зор табысқа жеткенін атап өткім келеді. Біз Сіздің еліңізбен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз", – деді Конго Президенті.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Конго серіктестігінің даму перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, тараптар сауда-экономика, энергетика, көлік-логистика, қаржы, цифрландыру, тау-кен өндірісі және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне айрықша назар аударды.

Келіссөз соңында Дени Сассу-Нгессо Қасым-Жомарт Тоқаевты Конго еліне сапармен келуге шақырды.

Фото: aqorda_resmi

208 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз