- Безбен
- 03 Тамыз, 2024
Марат Қарабаев пен Ресей Федерациясының Көлік министрі Роман Старовойтпен кездесті
Қазақстандық делегацияның Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан мен Ресей көлік ведомстволарының басшылары Марат Қарабаев пен Роман Старовойттың кездесуі өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Келіссөздер барысында дәстүрлі түрде екі елдің көлік-логистикалық кешенін дамыту мәселелерінің кең ауқымы талқыланды.
Атап айтқанда, теміржол көлігі саласы мен екі ел арасындағы әуе қатынасын одан әрі дамытуға бағытталған іс-шаралар пысықталды.
Келіссөздер барысында "Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізінің шығыс маршрутының әлеуетін одан әрі дамыту, сондай-ақ Ресей порттары бағытындағы тасымалдарды дамыту перспективалары талқыланды.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар екіжақты байланыстарды жоғары деңгейде жалғастыруға келісті.
Фото: gov.kz
416 рет
көрсетілді0
пікір