Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 08 Тамыз, 2024

Бүгін - Халықаралық Альпинизм күні

Альпинисттерге арналған мереке 1786 жылы швейцариялық Жак Балма мен Мишель-Габриэль Паккардтың арқасында пайда болды. Олар 4810 метрлік Альпі тауының ең биік нүктесі - Монблан шыңына шықты. Сол күннен бері альпинистер 8 тамызда өздерінің төл мерекелерін атап өтетін болды. Осы салада еңбектеніп жүрген қазақстандықтар да жетерлік. Біздің альпинистердің шыңға шығуы 1930 жылы Іле Алатауының 4376 метрлік шыңынан бастау алды. 

Биыл қазақстандық альпинистер Мақсұт Жұмаев, Анар Бурашева пен Әлмір Қымбатбайұлы дүниежүзінің ең биік шыңы – Эверест шыңына (8848 м)  шығып қайтты. Ал Анар Бурашева әлемнің ең биік шыңына табаны тиген тұңғыш қазақ қызы атанды. Альпинист бұл жетістігін қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арнағанын айтады.

Қазақстандық альпинистердің арасында рекорд Мақсұт Жұмаевқа тиесілі. «Эверест қателіктерді кешірмейді. Онда өмір мен өлім алдында тұрасың. Жаман ойларға жол бермеуге тырысқанмен, бойыңдағы алаңдаушылық пен қорқыныштан арыла алмайсың. Жағдайды көбіне күн райы шешеді. Мұнда жыл сайын альпинистер мен туристер өледі. Эверест шыңында жалғыз бәсекелестік – қарлы боран, аяз. Эверестті бағындыруға шыққан барлық альпинист құдіретті Жаратушыдан күн райының ашық, желсіз болуын тілейді»,- дейді ол.

Фото: Досжан Балабекұлы

263 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз