Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 08 Тамыз, 2024

Ыстанбұлда Қазақстан Президентінің реформалары талқыланды

Ыстанбұл, 2024 жылғы 7 тамыз – Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы жетекші түрік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел форматында достастық кездесуін ұйымдастырды.

Шараға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Ыстанбұлдағы ҚР Бас консул Нуриддин Аманқұл және ірі түрік БАҚ өкілдері мен медиахолдингтердің жетекшілері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар екіжақты ынтымақтастыққа қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, қатысушылар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекетті одан әрі дамытуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және оның халықаралық беделін арттыруға бағытталған ауқымды реформаларына ерекше назар аударды.

Түрік тарапы Қазақстанның барлық бағыттарында жүзеге асырылып жатқан реформалары туралы хабардар екенін білдіріп, Мемлекет басшысының бастамаларын жоғары бағалайтынын жеткізді.

Тараптар қазақ-түрік қарым-қатынасының қазіргі жағдайы туралы пікір алмасып, олардың жоғары деңгейін және одан әрі кеңейту үшін елеулі әлеуетін, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі 2024 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары болды. Кездесуге қатысушылар бұл ауқымды халықаралық шараны түрік бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария ету мүмкіндіктерін талқылап, осы бағытта белсенді ынтымақтастыққа дайын екендігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мұндай шаралар Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара достықты нығайтуға, сондай-ақ түрлі бағыттарда ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететініне сенімдерін білдірді.

Фото: СІМ

993 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз