Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 09 Тамыз, 2024

Диқан еңбегі еш кетпесін десек...

Газетіміздің өткен санында ауылшаруашылығы саласындағы ғылыми инновациялық өзгерістермен таныстырған едік. Уәде еткеніміздей, нанотехнологиялық өнімнің ауыл шаруашылығына тигізер пайдасы мен осы саланы дамытудағы ерекшелігі туралы әңгімені жалғастырмақпыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ауыл шаруашылығы жоғары технологиялы сала. Шаруа­ларды өсіретін жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді» дегеніндей, қазір бұл саладағы инновациялық амал-тәсілдер үлкен сұранысқа ие. 
 

Дәулет Егембердиевтің тыңайтқыштары пайдаланылған жердің құнарын арттырды. Ғалым биомелиорант тығайтқыштарын әзірлеу­мен 2010 жылдардан бері айналысып келеді екен. Содан бері мал ұстайтын, егін шар­уашылығымен айналысатын кәсіпорындарға отандық тыңайтқыштарды ұсынып жүр. Қазір өнім Ресей Федерациясының, Испанияның, Түрікменстанның, Қазақстанның аумағында белсенді қолданыста. 
Ол тозған жерлерді қалпына келтіруге, олардың құнарын жақсартуға және қорғауға арналған әртүрлі инновациялық нанотехнологияларды зерттеп-зерделейді. 
Биылғы ауа райы өсімдіктерге жайсыз тиіп тұр. Біресе ыстық, біресе жауын, көктемде диқандардың өнімін үсік шалды, сондай сәтте өсімдік жабайыланып, жеміс беруін тоқтатады. Олар да күйзеледі. Мысалы, көктемде күн күркіреп, бірден бұршақ жауса, өсімдіктің өсуі тежеледі. Сондай сәтте өсімдікке «антистресс» дәрумені керек екен.
«Мәселен, «Салмақ» дәрумені – жемістің етті, салмақты болуына, «Антисор» дәрумені – жердің қатайып, сортаң тартуына қарсы, «Гүлмира» дәрумені – өсімдік гүлінің ерте түсіп қалмауына, діңгегі мықты болуына әсер беретін өнім. Басты мақсатымыз – қоршаған ортаны қорғау, жерді қайта қалыпқа келтіру. Мұнай сарқылып кетті. Былтыр Ақтау мен Жаңа­өзенде үлкен семинар-конференция өтті. Сонда айтқанымыздай, кез келген нәрсе ауысады, сарқылады, бітеді. Бұрын есек-арба болса, қазір адам көлік мініп жүр, пойыз болса, қазір көбіне ұшаққа ауысып жатыр ғой. Ал неге біздің жердің сипаты ауыспауы керек? Кеңес одағы кезінде Қазақстанның қазба байлықтарына қатты қызығып, жерімізге бүкіл химикаттарды, дербициттерді өткізді. Содан жеріміз тұзданды, яғни көп мөлшерде нитратталды. Соның әсерінен жерасты суы былғанады, ондағы топырақ қопсытқыштар, құрттар тіршілік ете алмай, мекен ортасын ауыстырды. Олар қашқан сайын жер тастақты күйге ауысады, шөп шықпайды, сазданады. Қазір Қазақстанның 70 пайызы деградацияның алдында тұр. Соны толыққанды зерттеген едік.  Айтпағым, бүлінген жерлерге Z7 тыңайтқышын салсақ, үш жылда жеріміз қайта қалыпқа келіп, шөп өсіп, жерасты құрттары пайда болады. Дәл осы тәжірибені Финляндия­ның астанасы Хельсинкиде өткен байқауда жасағанымызда, араға уақыт салып, сары жер қоңыр түске айналғанына куә болдық. Сөйтіп, Қазақстанның атынан қатысқан, біз нарыққа ұсынған  Z7 тыңайтқышы бірінші орын алды. Осы тыңайтқышпен істеген бірінші, екінші, үшінші жылғы зертханалық жұмыстарымызды қайта қарап, егжей-тегжей зерттегенімізде, ол шыны керек, өзімізді де таңғалдырды. Бұл Дүниежүзінде баламасы жоқ нанотехнология деп тайсалмай айта аламын. Бұл тек Z7-нің пайдасы ғой. Енді бұдан бөлек Bastau, BioSelitra, Корнеплод, SALMAQ, GULMIRA, Jonyshqa, AntiStress, Anti Sor, Анти Біте (тля), АнтиФитономус №1, №2, Жүгері, Z Lux деп аталатын өнімдеріміздің де әрқайсысының пайдасы орасан зор», – дейді Д.Егембердиев. 
Күз мезгілі жақындады. Диқанның өнімін жинар уақыты. Өнімді жинарда өсімдік жапырағы әлі жап-жасыл болып тұрса, оны ору үшін өнімді тезірек пісіру керек болады. Мұндай жағдайда не істеу қажет? 
«Biomeliorant Агроны пайдалануға тиіс нормасынан үш есе көп қолдану керек. Сонда өсімдік бойындағы өнім де тез пісіп, жетіліп, жинауға дайын болады. Ал химиялық қоспаны пайдаланғанда, одан алынған өнімнің зияны айтпаса да түсінікті. Мәселен, былтыр Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы осы Агро дәнді қолданған шаруашылық иелерінің 100 гектарға өсірген арпа-бидайы алдыңғы жылмен салыс­тырғанда 15 күн ерте пісіп, жиналды. Бірінші кезеңде Biomeliorant Бастау дәрілегішімен тұқымды өңдеп екті, 2-кезеңде Агро дәнді жоғарыда айтқан әдіспен қолданды. 
Өсімдіктің өзінен-өзі шіритін кезі болады. Сол уақытта оған арнайы Biomeliorant Анти Ширк биологиялық фунгицидін пайдаланып және кальций жетіспеушілігін толықтыру үшін Biomeliorant Кальцийді қолдануға болады. Қарбызды көп адам қияр мен қызанақ секілді аулада өсіре алмайды. Өйт­кені қарбыздың түйнегі кейде өспей қалады. Қанша суарса да, түйнек үлкеймеуі мүмкін. Осы орайда Biomeliorant тыңайтқыштарын қолданып, өз ауласынан көлемді әрі дәмі тіл үйіретін қарбыз өсіргендер қатары аз емес. Ғылым мен табиғат адамзат игілігіне жұмыс істейді. Жемістің ірі және дәмді болуы үшін өсімдік тамыры мықты болуы қажет. Тамырды нығайту үшін Biomeliorant Корнеплод тыңайтқышын қолдану керек. Бұл өнімнің құрамында өсімдіктердің жақсы өсуі мен өнімділігіне ықпал ететін қоректік заттар бар. Кейбір фермерлер «Сорға егін ексе бола ма?» деп сұрақ қойып жатады. Иә, болады. Ол үшін жерді алдын ала дайындаймыз. Күзде Biomeliorant АнтиСорды 5 литрден 18 литр арасында жерге пайдаланып, мүмкіндік болса суарып, бақша, қарбыз, мақта, қызылша сияқты тұзға шыдамды арнайы көкөніс, өсімдіктер егіледі. Бұл қатарға шыдамды жүгері гибридтерін, жоңышқаның кейбір түрлерін қосса болады. Осылайша, жердің тұзы мен сорын түсіргеннен кейін барып, келесі кезеңде басқа өнімге көшіп, еге берсе, еш кедергі жоқ. Қазір жоңышқаны көп фермерлер егеді. Одан керемет өнім алып, өнімділікті 35–40 па­йызға асырғыңыз келсе, Z7, Z Lux, Биоселитра тыңайтқыштарын пайдаланған жөн. Өсімдіктің өсуіне кедергі келтіретін тағы бір фактор – аптап ыстық. Күн қатты ысығанда жасыл желектер қатты стреске түседі. Енді бұл кезде осы ыстыққа қарсы Biomeliorant Антиыстықты пайдаланамыз. Антиыстықта аптап ыстықтан қорғайтын кремний, өсімдіктің жақсы өсуіне көмектесетін үздік пайдалы құрам бар. Ол жапырақтың үстінен қорғаныш қабатын түзуге көмектеседі.
Көпшілік ұнататын жеміс-жидектің бірі – таңқурай. Біздің бір тұтынушымыз осыдан 3–4 жыл бұрын Biomeliorant Гүлмираны пайдаланып, ені 2 метр, ұзындығы 6 метр, жалпы аумағы 12 шаршы метр жерге 3 қатар қылып таңқурай егеді. Biomeliorant Гүлмираны пайдаланғанға дейін соншалықты үлкен нәтижеге жетпеген, яғни айтарлықтай өнім алмаған. Көктемде гүлдеу процесі кезінде 10 литр суға 100 грам Biomeliorant Гүлмираны араластырып, таңқурай жапырағына шашады. Нәтижесінде 10 күннің ішінде гүлдеу процесі екі есе көбейіп, уақыты келгенде шағын ғана жерден 30 кг таңқурай алған. Ал бұған тыңайтқыштың тікелей әсері барын, бұрын ондай өнім алып көрмегенін айтып, диқан ағынан жарылды. Кейде ағаш немесе көкөніс жапырақтарына ұсақ құрттар қаптап кетеді. Ондай кезде беретін жеміске де кері әсер етеді. Сол кезде Biomeliorant Антифитаномс тыңайтқышын суға қосып шашса, жарты сағаттың ішінде құрт-құмырсқаны өлтіріп, жояды», – дейді маман.
Д.Егембердиевтің көмекшісі Гүлмира Тұрғанбекқызы: «Бізге фермерлер көп хабарласады. Біреуі «қызанағым өліп жатыр» десе, енді бірі «жүгерімді бұршақ ұрып кетті» дейді. Олардың барлығымен асықпай сөйлесіп, қажетті тыңайтқыштарды ұсынамыз. Қазір көбіне адамдар әлеуметтік желіден шоу бизнестегі өмірді көп қызықтап, бүгінгі айтылып отырған нағыз пайдалы өнімдерге назар аудара бермейді. Сөйтеді де, «бізде бұл сала дамымаған» деп үкім шығара салады. Әйтпесе дәл осы ауыл шар­уашылығына қатысты нанотехнология туралы деректер әлеуметтік желілерде көп кездеседі. Бірақ көрсетілім шоу-бизнеспен салыстырғанда аз. Нағыз пайдалы дүниенің насихаты да кең болса дейміз. Әрі осы саланың бәсекелестері де артып, түрлі тыңайтқыш, дәрумен шығару ісі қолға алынса, қандай тамаша!» – деген пікірін айтты.

Әзірлеген 
Э.ӘЗІРЖАН

645 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз