Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 10 Тамыз, 2024

Жетісу облысында азаматтарды алдап келген қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары бүкіл ел бойынша алдау жолымен алаяқтықпен және ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан қылмыстық топтың қызметінің жолын кесті.

Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, зардап шеккендер анықталуда.

Қазірдің өзінде 70 жәбірленуші анықталды, олардың шығыны 100 миллион теңгеден асады,  зардап шеккендер саны өсуде.

Құрметті азаматтар қырағы болып, банктік шоттардың деректемелерін ешкімге бермеңіздер, сондай-ақ үшінші тұлғаларға ақша аудармаңыздар.

1081 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз