- Айна
- 12 Тамыз, 2024
Биыл 274 көше жаңартылады
Биыл 274 көше 250 км-ге жаңартылады, Бұл жақсы жағдайдағы жолдың үлесін 92%-ға дейін арттырады.
20 магистральдық көшені жөндеу кезінде үлкен беріктік үшін полимерасфальтбетон қолданылады, ал қоспаның суып, тиісті талапқа сай қатуы үшін жөнделетін аумақ 36 сағатқа жабылады. Қала тұрғындары үшін қолайсыздықты азайту үшін жұмыс негізінен түнде жүргізіледі.
Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша магистральді көшелерді жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін, ал аудандық маңызы бар көшелердің жөндеуі қазан айының соңына дейін аяқталады.
Орташа жөндеу аясында жаңа жаяу жүргіншілер өткелдері мен қауіпсіздік аралдары пайда болады, тротуарлар жаңартылып, зақымдалған арық науалар ауыстырылады.
462 рет
көрсетілді0
пікір