- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 13 Тамыз, 2024
Қанат Шарлапаев отандық кәсіпорындарды қолдау үшін қандай заңнамалық өзгерістер енгізілетіндігін айтты
Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев отандық кәсіпорындарды қолдау үшін қандай заңнамалық өзгерістер енгізілетіндігін айтты.
«Отандық кәсіпорындарды қолдау аясында келесідей заңнамалық өзгерістер пысықталуда. Бірінші - ірі тапсырыс берушілердің отандық тауарлар мен қызметтерді пайдалану бағдарламаларын бекіту және ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк келісімшарттар жасасу міндеттемелерін белгілеу. Екінші – мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін құрылыс жұмыстарында отандық құрылыс материалдары мен жабдықтарын қолдануды бақылау комиссиясын құру. Үшінші – жаңа өндірістік нысандар құрылысы барысында отандық тауар өндірушілерден материалдар мен жабдықтарды сатып алу бойынша міндеттемелерді белгілеу», - деді Қанат Шарлапаев.
Фото: primeminister.kz
272 рет
көрсетілді0
пікір