Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 18 Тамыз, 2024

Қорғаныс министрлігінің басшылығы бронетехника шығаратын отандық "Kazakhstan Paramount Еngineering" зауытында болды

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовты кәсіпорынның Бақылау кеңесінің төрағасы Айбек Барысов қарсы алды. Бұл туралы kazgazeta.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қорғаныс ведомствосының басшысы зауыттың өндірістік процесімен танысты, сондай-ақ оған жұмыс істеп тұрған конструкторлық бюроның жұмысын да көрсетті.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов қазіргі таңда елдің қорғаныс қабілетін нығайту жолында Қарулы күштер мен отандық өндірушілердің  күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті.

Қорғаныс ведомствосының барлық күш-жігері қорғаныс саласын қолдауға бағытталған. Мемлекет басшысы мен Премьер-Министр осындай міндет қойып отыр.

Фото: gov.kz

777 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз