Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 21 Тамыз, 2024

Сәтбаев қаласында кәмелетке толмаған екі жасөспірім пышақ жарақатын алған

Сәтбаев қаласында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жанжал болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын жедел анықтады. Жанжал кезінде 16 жасар жасөспірім 16 және 17 жастағы екі баланы пышақпен жарақаттаған.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына  қамауға алынды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар, жанжалға қатысушы жасөспірімдердің ата-аналары бала тәрбиелеуде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция ата-аналардың балаларын тәрбиелеуге толық жауапты екенін және олардың мінез-құлқын бақылауға міндетті екенін еске салады. 

695 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз