Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Тамыз, 2024

Оқу-ағарту министрі жезөкшелікке мәжбүрленген оқушы ісіне қатысты пікір білдірді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда облысындағы кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу ісіне қатысты пікір білдірді. 

«Біріншіден бұл мәселенің бәрін жіті анықтау керек. Мен облыс әкімімен бұл сұраққа байланысты тығыз байланыстамын. Және оларға біздің ұстаздарға қатысты жедел шешім қабылдамауды сұрадым. Өйткені бас-аяғын анықтап алу керек. Қазір ішкі істер органдары да бұл мәселеде асығыстық танытпауды айтып отыр. Мен бұл шешіммен келісемін. Сондықтан әр мәселенің артында адам тағдыры тұрғаннан кейін шешім қабылдауда абай болуымыз керек», - дейді Оқу-ағарту министрі Тамыз конференциясында.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда қаласында мектеп оқушылары 16 жастағы қызды қинап ұстап, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы ақпарат тараған еді. Қызылорда полициясы аталған дерек бойынша күдіктілерді ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамап, ал кейін күдікке ілінген мектеп оқушыларын үйқамаққа ауыстырған болатын.

739 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз