Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 21 Тамыз, 2024

Астанада Нұрбек Оралбай мен жаттықтырушысы марапатталды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай мен оның жаттықтырушысына арнайы сыйлық берілгені туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбаймен және оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевпен кездестім.

Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті! Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туыстарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр!

Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді.

Спортшыларымызға биік-биік шыңдарды бағындыруын тілеймін!» – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

1122 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз