Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 22 Тамыз, 2024

Үкімет экономикалық тұрақтылық пен дамуды арттыру үшін өңірлер дербестігін өсірмек

ҚР Үкіметі аймақтардың дербестігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды шараларды қолға алды. Бұл процесс жергілікті билік органдарына бюджетті жоспарлау, инфрақұрылымдық жобаларды басқару және әлеуметтік қолдау бағдарламаларын іске асыруда үлкен өкілеттіктерді беруді көздейді.

Өңірлік органдардың өкілеттіктерін кеңейту халықтың өтініштері мен қажеттіліктеріне тез және тиімді жауап беруге мүмкіндік береді. Жергілікті билік ресурстарды икемді басқарып, өз облыстарының стратегиялық дамуына, атап айтқанда, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту және жергілікті білім мен денсаулық сақтау деңгейін көтеруге қатысты шешімдер қабылдай алады.

Өңірлерді дамыту тұжырымдамасы бойынша:

Қолданыстағы жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2023 жылы келесі көрсеткіштер жүзеге асырылды:

  Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу және облыстардағы аудан әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу;

 Сайлау әкімдердің өкілеттік мерзімінің аяқталуына қарай кезең-кезеңімен өткізіледі. 2021 жылдың шілдесі мен 2024 жылдың наурызы аралығында ауылдық округтерде 2 069 әкім сайланды.

Пилоттық режимде 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау өтті.

- Бюджеттің IV деңгей кірістері базасын кеңейту.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ауылдық округтердің дербестігі үшін бюджеттің IV деңгейіне салықтар мен төлемдердің 25 түрі, оның ішінде 8 салық және 17 салықтық емес төлемдер берілді.

Оның ішінде, 2022 жылы бюджеттің төртінші деңгейіне 4 төлем бойынша түсімдер берілді, 2022-2023 жж. қорытындысы бойынша олардың түсімдері 15,9 млрд теңгені құрады.

Қазіргі уақытта заңнамалық базаны өзгерту бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде келесі толықтыруларды енгізу көзделеді:

- ауыл әкімі мен аппаратының өкілеттіктерін кеңейту;

- салықтар мен төлемдердің қосымша түрлерін бюджеттің IV деңгейіне ауыстыру;

- мәслихат өкiлеттiгiн кеңейту;

- мәслихат төрағасының өкілеттіктерін шектеу және мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін шектеу;

- ауыл әкімінің еңбекақы төлеудің кесімді жүйесі бойынша еңбек келісімшартымен тұрғындарды жұмысқа алу мүмкіндігі. 

500 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз