Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 23 Тамыз, 2024

Париж Паралимпиадасы: Қазақстан делегациясының ең жас спортшысы кім?

Париж Паралимпиадасы қарсаңында Франциядағы Ойындарға қатысатын спортшыларды таныстыруды жалғастырамыз. «Мүлтіксіз мүмкіндік» жобасының жетінші кейіпкері – Әлфия Тілекқабыл. Бұл туралы Қазақ газеттері Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Әлфия – пара дзюдодан 2023 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы. Отандасымыз Паралимпиада жолдамасын Халықаралық Паралимпиада комитетінің үш жақты (bipartite) комиссиясының шешімімен иеленді.

Ұлттық құрама қатарына былтыр ғана қосылған 18 жастағы атыраулық пара дзюдошы - Париж Паралимпиадасына қатысатын Қазақстан делегациясының ең жас спортшысы.

Париждегі Паралимпиадада спортшымыз жақсы нәтиже көрсетуге және жүлделі орындардан көріну үшін бар күш-жігерін салуға дайын.

Фото: gov.kz

773 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз