- Qazaq gazetteri TV
- 26 Тамыз, 2024
Ақұштап Бақтыгереева: Қазақ газеттерінің тағдыры қатты алаңдатады
Ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақұштап Бақтыгереева 80 жасқа толып отыр. Мерейлі күн қарсаңында Алматы қаласындағы «Қазақ газеттері» редакциясына бас сұққан ақын ұжымның қыз-жігіттерімен тілдесіп, әдебиеттің ертеңі, ұлттың болашағы, қазақ басылымының тағдыры турасында ой бөлісті. Кейінгі жастарға батасын берді. Айта кетейік, Ақұштап Бақтыгереева 1944 жылы 23 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. Тұңғыш өлеңдер жинағы – «Өрімтал» 1967 жылы жарық көрді. «Наз» (1969), «Қанышым – іңкәрім» (1971), «Сені ойлаймын» (1973), «Ақ қанат» (1975), «Бақыт әні» (1978), «Жайық қызы» (1980), «Белокрылая» (1981), «Ақжелең» (1985), «Сүмбіле» (1990) атты кітаптары басылып шықты. 2001 жылы «Ақ шағала» атты таңдамалы жыр жинағы, 2004 жылы «Лебединая верность» атты жинағы жарық көрген. С.Капутикян, В.Тушнова, А.Ахматова өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
3134 рет
көрсетілді0
пікір