- Шартарап
- 26 Тамыз, 2024
Ресейде Мәскеу халықаралық кино апталығы өтіп жатыр
Ресей астанасында 1-ші Мәскеу халықаралық кино апталығы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Іс-шара мәдени және іскерлік бағдарламаны қамтиды.
Кино апталығына 47 елден 130-дан астам киноиндустрия, мәдениет министрліктері өкілдері мен сарапшылар делегат ретінде қатысуда.
Талқылаудың негізгі тақырыбы – креативті индустрияны дамыту. Қатысушылар креативті саланы дамыту және қолдау стратегиялары, әлемдегі маңызды трендтер туралы ойларын ортаға салды.
Бұл бағытта Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстар туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов айтып берді.
Вице-министр креативті индустрияны қолдауға арналған заңнамадағы жаңашылдықтар мен Қазақстандағы таланттарды ынталандыру бағытындағы басқа да шараларға тоқталды.
Сондай-ақ, кино апталығы аясында 300-ден астам шетелдік фильмдердің көрсетілімі жоспарланған.
870 рет
көрсетілді0
пікір