Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 27 Тамыз, 2024

Болгарияда Семей ядролық полигоны жабылуының 33 жылдығына орай фотокөрме ашылды

Болгариядағы ең ірі мәдени-ағарту және ғылыми-қосалқы мекемелердің бірі Пловдивтегі «Иван Вазов» халық кітапханасында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне және Семей ядролық полигоны жабылуының 33 жылдығына арналған тақырыптық фотокөрме ашылды.

Аталған іс-шараға қала әкімдігінің, ҚР Құрметті консулдығының басшылығы, кітапхана ұжымы, диаспора, болгар жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақ дипломаттары атаулы күннің халқымыз үшін маңыздылығына және Қазақстанның ядролық қарудан азат әлем құру саласындағы жаһандық бастамаларына назар аударды.

Сонымен бірге Пловдив мэрінің орынбасары Пламен Панов іс-шараға қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, еліміздің күш-жігері арқасында 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні болып жарияланғанын атап өтті.

ҚР Құрметті консулы Пламен Панчев Қазақстанның адамзатты ядролық қарудан арылтуға және жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтуға бағытталған саясаты халықаралық қоғамдастықтың мойындауына лайық екенін және еліміздің жаһандық бітімгершілік мәртебесін бекіткенін атап өтті.

Өз кезегінде кітапхана директоры Димитр Минев өткізіліп жатқан іс-шараға қолдау білдіріп, Қазақстан әлемдік антиядролық қозғалыстың көшбасшысы болып табылатынын атап өтіп, әлемдік қоғамдастық Қазақстанның «ұлы және даналы шешімі туралы» жақсы білетіндігін ерекше атап өтті.

Көрмеде полигондағы сынақтар кезінде түсірілген тарихи фотосуреттер, «Невада – Семей» халықтық антиядролық қозғалысы туралы баяндайтын суреттер, сондай-ақ Семей полигонының жабылғанын куәландыратын мұрағаттық құжаттар ұсынылған.

Пловдивтегі «Иван Вазов» халық кітапханасының ғимаратында ұйымдастырылған фотокөрме 2024 жылдың 8 қыркүйегіне дейін қолжетімді болады.

898 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз