- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 02 Қыркүйек, 2024
Ұстаздар – еліміздің зияткерлік қуаты
Биыл да, әдеттегідей Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауымен жаңа оқу жылын бастадық. Кез келген өркениетке ұмтылған мемлекеттің саналы білім мен ғылымға үздіксіз ұмтылуы жақсылықтың нышаны. Еліміздің зияткерлік қуаты – ұстаздар орны қашан да төрде болу керек. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы», деген дана халқымыз.
Жолдауда мемлекеттің даму бағыттары мен халықтың әлеуметтік қорғалуына, білімнің орнына ерекше тоқталып Үкіметке жаңа тапсырмалар берілді.
Қазақстан Республикасының Президенті ғылым және технология саласын реттейтін заң жүйесіне енді, балалар қауіпсіздігіне аса көңіл бөлінуде, мәдениет кодымыз сапалы өзгеруде, әділетті Қазақстан құруда халықтың ертеңіне сенімі артқандығын баса айтты.
Алдағы негізгі бағыттарға кең тоқталды. Көкейде жүрген көп сұрақтың шешу жолдарын айқындады.
Сапалы маман дайындаудың өзектілігі, техника мамандарын дайындаудың өзектілігі, білім беру бағдарламаларының сұранысқа сай болуы сапалы білім берудің бәсекеге қабілеттілігін артыруда рөлі зор дей отырып, 2025 жыл - «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп атауды ұсынды.
« Кәсіпке адал кәсіби маман болу қашанда ардақты. Еңбек адамы болуға тәрбиелеу өзекті, қоғам санасына сіңіру өте маңызды. Бәсекеге қабілетті адал мемлекет боламыз десек еңбек адамына құрмет көрсету қажет»,- деді.
Жолдауда көтерілген мәселелердің шешімін табуда адал еңбегімізбен үлес қосу – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз деп түсінеміз.
Г.Ә.Сәрсенбекова
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеттің ректоры, қауымдастырылған профессор.
690 рет
көрсетілді0
пікір