- Шартарап
- 02 Қыркүйек, 2024
АҚШ Конгресінде Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы рөлі аталды
Невада штатының АҚШ Өкілдер палатасындағы мүшесі Дина Тайтус 29 тамызда жыл сайын аталып өтетін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күнге арналған мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Өзінің Спикер Майк Джонсонға жолдаған үндеуінде Конгрессвуман Қазақстанның ядролық қарусыздандыру және таратпау саласындағы рөлін жоғары бағалап, ҚР мен АҚШ арасындағы тығыз ынтымақтастықтың ғаламдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды фактор болғанын атап өтті.
Ол Семей сынақ полигонын жабу туралы тарихи шешім халықаралық таратпау режимін нығайтуға маңызды үлес болғанын атап өтті.
Қалған ядролық материалдар мен технологияларды шығаруға және жоюға мүмкіндік берген Қазақстан мен АҚШ арасындағы Нанн-Лугар бағдарламасы аясындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінді.
Соңында Д. Тайтус ядролық қарудың қайта қолдану қаупі жағдайында бірлескен жұмыстың маңызды екенін атап өтіп, АҚШ-тың осы салада Қазақстанмен одан әрі ынтымақтастыққа деген адалдығын растады.
Жарияланған мәлімдеме мәтіні:
717 рет
көрсетілді0
пікір