Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 03 Қыркүйек, 2024

Владимир Путин ресми сапармен Моңғолияға барды

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Моңғолияға ресми сапармен келді. Бұл туралы Моңғолияның  МОНЦАМЭ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды. 

«Буянт-Ухаа» халықаралық әуежайында Ресей Федерациясының Президенті мен онымен бірге келген делегацияны Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг, Ресей Федерациясының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Евсиков және басқа ресми тұлғалар күтіп алды.

Сапар барысында президент Ухнаагийн Хурэлсух пен президент Владимир Путин ресми келіссөздер жүргізіп, екіжақты қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасады, сондай-ақ екіжақты құжаттарға қол қою рәсіміне қатысады.

Ресми келіссөздердің қорытындысы бойынша екі мемлекет басшысы БАҚ өкілдері үшін бірлескен брифинг өткізеді.

Фото: montsame.mn

625 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз