Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 06 Қыркүйек, 2024

Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды

Даяна Федосова XVII жазғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін еншіледі. Бұл туралы Туризм және спорт министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды. 

J2 санаты бойынша 57 келідегі Даяна Федосова қола жүлде үшін белдесуде Түркия өкілі Дёндю Ешилюртты айқын жеңіп, ел қоржынына кезекті жүлдені салды. 

«Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпия ойындарының кезекті жарыс күнінде де ел қоржыны жүлделер түсіп жатыр. Пара дзюдодан әлем чемпионаты мен Азия ойындарының қола жүлдегері Даяна Федосова бұл жолы да жанкүйерлерді жеңісімен қуантып, Паралимпиаданың қола медалін олжалады. Бұл – пара дзюдодан ұлттық құрама спортшыларының Парижде жеңіп алған екінші медалы. Кеше Ақмарал Науатбек Парижде Әнұранымызды шырқатып, ел мерейін өсірген еді. Даянаны Паралимпия ойындарының жүлдегері атануымен шын жүректен құттықтаймын! Жерлесіміздің алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістіктерге жетуіне тілектеспін», - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов. 

Фото: Туризм және спорт министрлігі

648 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз