- Безбен
- 07 Қыркүйек, 2024
«Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдат Әміреевпен кездесті

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдат Әміреевпен кездесті, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» Қорының баспасөз қызметі.
Тараптар түрлі салалардағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ тәжірибе алмасу және әдіснамалық көмек туралы талқылады.
Түркі инвестициялық қоры - түркі әлемінің экономикалық интеграциясының алғашқы бірлескен қаржы институты. Жұмысын 2024 жылдың мамырында бастады. Қордың мақсаты - сауданы кеңейту және экономикалық қызметті қолдау есебінен түркі мемлекеттері ұйымы мүшелерінің дамуына жәрдемдесу.

406 рет
көрсетілді0
пікір