- Құмсағат
- 07 Қыркүйек, 2024
Зарина Раифова Паралимпия ойындарында қола медаль жеңіп алды
Зарина Раифова - Паралимпия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Пара дзюдодан әйелдер арасында +70 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында белдескен Зарина Раифова қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Раифова италиялық Каролина Костадан басым түсті.
«Париждегі Паралимпия ойындарына қатысып жатқан спортшылар отандастарымызды күн сайын жүлделі орындармен және тамаша нәтижелермен қуантуда. Бүгін парадзюдо құрамасы тағы да кәсіби дайындығын көрсетіп, тамаша нәтижеге қол жеткізді. Отандасымызды үшінші орын алуымен шын жүректен құттықтай отырып, спорт бәсекелерінде жеңістері мен табысы көп болсын тілеймін», - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
494 рет
көрсетілді0
пікір







