- Құмсағат
- 07 Қыркүйек, 2024
Жұрқамырза Шүкірбеков Паралимпиаданың қола жүлдесін иеленді
Жұрқамырза Шүкірбеков - XVII жазғы Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды kazgazeta.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан J2 санатында 90 келі салмақты сынға түсіп, қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Франция өкілі Насер Зорганиді иппонмен тізе бүктірді.
«Пара дзюдодан ұлттық құрама өкілі Жұрқамырзаны Париждегі Паралимпия ойындарында қола медаль жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймын. Жерлесіміздің жүлдесі тек спорттық жетістік емес, бұл - ерік-жігердің, мақсатқа жетудегі табандылықтың және үлкен рухтың символы.
Біз пара дзюдошымыздың жеңісін мақтан тұтамыз және еліміздің даңқын әлемдік аренада асқақтатқанына қуаныштымыз. Отандасымызға алдағы сайыстарда тек жоғары жетістіктер мен табыс тілеймін. Оның батылдығы мен табандылығы көпке үлгі», – деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
584 рет
көрсетілді0
пікір







