Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 11 Қыркүйек, 2024

Абай облысында терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті

Абай облысы әкімдігінде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша комиссия отырысына барлық облыстық ТҚК-ға мүше мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, басқарма басшылары және ВКБ форматында қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты.
Кездесуде қазақстандық қоғамның құндылықтарын өңірлік БАҚ-та, интернет кеңістігінде және әлеуметтік желілерде насихаттау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ осал объектілердің терроризмге қарсы қорғауды жақсарту шаралары туралы мәселелер де қаралды.
Еліміздің азаматтарының санасына діни экстремизмнің ену қаупіне қарсы тұру мақсатында қазақ қоғамы мен Қазақстан халықтарының ұлттық дәстүрлерін насихаттау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев діни экстремизммен күресуде, зайырлы және діни иммунитетті қалыптастыруда, діни радикализмге төзбеушілікпен күресуде барлық басқармалар мен ұйымдардың бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы облысымыздағы басқармалар мен ұйымдардың діни экстремизмнің алдын алудағы жұмысын оң бағалағайды. Қазіргі әлеуметтік желілер әлемінде интернет пен әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілу керек, бұл ретте жасөспірімдермен, жастармен жұмыс істеуге басымдық берілгені жөн. Заманауи бейнеконтент жасау, еліміздің азаматтарының санасына әсер етудің жаңа нысандарын дамыту арқылы халыққа ақпараттық әсер етуді күшейту қажет» - деп атап өтті Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Жанат Нұтпаев.

Комиссия отырысындағы сөз алған Абай облысының полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нариман Күлдіков әлемде және көршілес елдерде болып жатқан соңғы оқиғаларды ескере отырып, барлық ТТО (террористік тұрғыдан осал объектілерінің) терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мәселелерінің өзектілігін және мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін ерекше атап көрсетті.



Фото: Абай облысының әкімдігі

757 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз