- Аймақ тынысы
- 12 Қыркүйек, 2024
Ақтауда тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін ірі сауда желісіне айыппұл салынды
2024 жылдың мамыр айында қаладағы сауда желілерінің бірінде ет өнімдерін витринада көрсетілген баға белгісінен 20%-ға жуық жоғары бағамен сату фактісі анықталды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Бұл факті бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қаулысымен заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Апайда заңды тұлға өкілінің шағымы бойынша Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты уәкілетті орган қаулысының күшін жойды.
Прокуратураның актісі бойынша Маңғыстау облыстық сотымен бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылып, сауда желісі 738 400 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өткізу кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында.
793 рет
көрсетілді0
пікір