- Құмсағат
- 13 Қыркүйек, 2024
БҰҰ климаттың өзгеруі конференциясында Қазақстан жастарының ұсыныстары баяндалады
Астанада Қазақстандағы климаттың өзгеруі бойынша жергілікті жастар конференциясы (LCOY Kazakhstan 2024) өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.
Бұл алаң климаттың өзгеруі және экологиялық проблемаларға бейімделу мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылау және әзірлеу үшін жасалған, мұнда жастардың пікірі шешуші рөл атқарады. Талқылауларға сарапшылар, саясаткерлер және экологиялық белсенділер де қатысты.
Конференцияның негізгі тақырыптары: «Қазақстандағы климаттың өзгеруі», «Климат өзгеруінің су секторына әсерін бағалау», «Климаттың өзгеруіне бейімделу үшін жергілікті шешімдер», «Қазақстандағы жасыл, тұрақты және заманауи энергетиканы жаппай енгізу мен қолданудың маңызы, болашақ перспективалары».
LCOY Kazakhstan 2024 нәтижесі ретінде Қазақстан жастарының ұсыныстарымен баяндама дайындалады, ол Бакуде өтетін ХХVIII БҰҰ климаттың өзгеруі конференциясында ұсынылады.
Фото: gov.kz
596 рет
көрсетілді0
пікір