Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 18 Қыркүйек, 2024

Дебат пен ЖИ-ді біріктірген қыздар

Дебат – пікірталас. Онда қатысушылар аудиторияны немесе қазылар алқасын өз көзқарасына сендіруге тырысып, белгілі бір тақырып бойынша дәлелдер келтіреді. Дебатқа қатысып сыни ойлауды дамытуға, ой-өрісті кеңейтуге, командада жұмыс істеуге дағдыланасың. Тіпті, өзіңе деген сенімділік пайда болады.

Дебат – көбінесе білім беру мекемелерінде, саяси ареналарда және басқа да қоғамдық жағдай-ларда өткізіледі. Бұл арқылы қатысушылар ақпаратты талдауды, қарсыластардың дәлелдеріндегі әлсіз жақтарын анықтауды және логика мен фактілер негізінде өз дәлелдерін құруды үйренеді. Дебатқа үнемі қатысатын адам көпшілік алдында сөйлеу, өз сөзіне сендіру дағдысын жақсартады. Сонымен қатар қарсыластардың дәлелдерін тыңдап, жауап беріп үйренеді. Көкжиегің кеңейіп, бір мәселеге қатысты әртүрлі көзқараспен танысасың. Сонымен қатар, дебатқа қатысу шетелге оқуға түсу барысында саған айтарлықтай көмектеседі. Академиялық ортада жоғары бағаланады. Аналитикалық және коммуникативтік қабілеттерің-нің жетілгенін  көрсетеді. Сондық-тан дебат өнерін білу өте маңызды. Алайда, шалғай аймақтарда тұратын немесе қаражаты жеткіліксіз жастар дебатқа қатысып көруден бас тартып жатады. 

Дәл осындай мәселелер туындамас үшін Debatelink платформасы пікірталас жүргізуге қызығатын-дарды тегін оқытуға дайын. Бұл жоба Орталық Азия жастары арасында дебат пен сыни ойлауды дамытуға бағытталған. Команда құрамында дебатқа үш жылдан астам белсене қатысып жүрген – Әсемай Қауас, Гүлім Рахымжанова, Аружан Сәндібекова, Адиля Қажабаева, Әдина Алмады, Әмина Сейсенбек және Аружан Төлепберген сияқты студенттерден тұрады. Жалпы, Debatelink жобасы 2021 жылы іске асты. Ол уақытта команда небәрі 9-10-сыныпта оқып жүрген оқушылардан тұратын еді. Олар бастапқыда Telegram желісінде топ ашып, оқушылар мен студенттердің дебатқа дайындалуына көмектесті.

«Біздің басты мақсат – ауыл-аймақтарда тұратын, түрлі курстарды қалтасы көтермейтін жастарға дебатты  жылы, достық атмосферада үйрету», – дейді Debatelink командасы. Әр апта сайын Debatelink ұжымы дәрістер, семинарлар, конференциялар, сондай-ақ турнирлер өткізеді. Debatelink платформасында жасанды интеллект басты рөлді атқарады екен. Жасанды интеллект қолданушының сөйлеуі мен аргументтерін жақсартып, оған кері байланыс береді, сонымен қатар оқушыға қабілетін өрбіту үшін арнайы жаттығуларды ұсынады. Платформада кәсіби спикерлердің қырыққа жуық видеосабағы, материалды бекітуге арналған тапсырмалар және чат-бот бар. Жалпы, бұл платформа дебаттың не екенін, оған қалай дайындалу керектігін, пікірсайысқа қатысты барлық терминді жасанды интеллектпен үйрететін алғашқы жоба.

Debatelink-тің негізін қалаушы-лар Әсемай Қауас пен Гүлім Рахымжанова Қазақстанда жастар арасында сыни ойлау қабілеті жетілмегенін айтты. әсіресе шалғай жатқан өңірлердегі оқушылардың жағдайы алаңдатады. Ал дебат адамды ситуацияға басқаша қарауға мәжбүрлеп, көкжиегін кеңейтеді дейді. 2021–2024 жылдар аралығында қыздар төрт халықаралық-қайы-рымдылық дебат турнирін өткізді. Жиналған қаражатты көмекке мұқтаж аналарға және басқа да мемлекеттерге гуманитарлық көмек ретінде берді. Осы турнирлердің біріне екі лигаға БАӘ, Жаңа Зелан-дия, Украина, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан елдерінен 200-ден астам адам жиналды. Жаңадан бастағандарға арналған төртінші турнир ауылдық, аймақтық қатысушылар үшін тегін өтті.

Бір жыл бұрын Әсемай, Аружан, Гүлім және Адиля Қазақстанның жеті шалғай өңірінен келген оқушылар үшін Алматыда дебат конференциясын ұйымдастырды. Іріктеуден өткен барлық қатысушы-ның жол жүру шығынын Debatelink өзі өтеді. Сондай-ақ, қыздар 200-ден астам өтінім жинап, ауылдық жерлерден келген оқушыларға арналған қазақ және орыс тілде-ріндегі дебат бойынша тегін акаде-мияны іске қосты. Debatelink Telegram Bot-та дебатқа байланысты видеосабақтар, түрлі кезеңдер, практикалық тап-сырмалардан және кері байланыстан тұратын жеке екі айлық оқу бағдарламасы бар. Debatelink бағдар-ламасын аяқтағаннан кейін оқушылар World Schools Debate Format (SDF) форматымен дәлелдеу және теріске шығару принциптерімен танысады. Бұл олардың аналитикалық дағдыларын және қоғамдағы әділдік, саясат, философия және экономика туралы түсінігін қалыптастырады.

Debatelink Academy арқылы онлайн сабақтарға, дебат турнир-леріне және тәлімгерлермен интерактивті сессияларды қамти-тын ұжымдық оқу бағдарламасына ие боласыз. Тағы айта кетерлігі, әр жыл аяғында Chief adjudicator, Best speaker номинациялары ең үздік дебат турнирлеріндегі қатысушыларға, финалистерге беріледі. Бүгінге дейін Debatelink төрт жүзден астам оқушыға пікірсайыс жүргізу негізін үйретті. Ұлттық дебат турнирлерінде елуге жуық жеңіске жетіп, олардың үшеуі WSDC (мектептердегі дебат бойынша әлем чемпионаты) ұлттық академиясына өтті. Атақты оқу орындарынан дебат турнирлері мен «Ауыл дебаттары» жобасын ұйымдастыру үшін Debatelink 7000 доллардан астам қаржыландыру алды. Мұның бәрі тегін, кез келген адам қатыса алады. Ақша төлемей-ақ сыни ойлап, өзіңе деген сенімділікті арттырып, шетелге оқуға түскің келсе, дебат сайыстарына қатысуды қазірден баста. Өс, дамы, көкжиегің кеңейсін!

Айсара Мейрамбекова,
10-сынып оқушысы
Зайсан қаласы

«Ұлан» газеті, №38
17 қыркүйек 2024 жыл

351 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз