- Құмсағат
- 18 Қыркүйек, 2024
Қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингтің ондығына енді
Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа кірді.
Olympic.kz мәліметінше, дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Ғалия Тынбаева IJF рейтингінде екі сатыға жоғарылады.
48 келі салмақта белдесетін Ғалия 12-орыннан 10-орынға көтерілді. Тынбаеваның еншісінде 3779 ұпай бар, – делінген ақпаратта.
Ол Хорватияның Загреб қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінде күміс медаль иеленген болатын. Ал мамырда Астанада өткен Grand Slam додасында алғаш рет топ жарған еді.
412 рет
көрсетілді0
пікір