- Аймақ тынысы
- 18 Қыркүйек, 2024
Шымкентте есірткіні жасырын қойып кетуші ұсталды

Шымкентте есірткіні жасырын қойып кетуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ер адам есірткіні жасырмақ болған сәтте қолға түсті. Тексеру кезінде ұсталған азаматтан аса ірі мөлшердегі мефедрон табылды. Күдіктіден "синтетиканың" 27 дана бір реттік дозасынан бөлек, пышақ пен қанжар тәркіленді.
Ер адамның бұрын сотты болғаны анықталды. Қазіргі таңда күдікті қамауда.
Заңнамаға сәйкес психотроптық заттарды өткізгені үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

410 рет
көрсетілді0
пікір