- Айна
- 19 Қыркүйек, 2024
Құрылыс технологиялары саласындағы ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев фин компаниясы «Peikko Group» өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.
Іс-шараның негізгі мақсаты құрылыс технологиялары саласында ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау және байланыстар орнату болды.
Азамат Панбаев компания өкілдерінің Қазақстанға келуінің әлеуетті серіктестік пен бірлескен жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашқанын атап өтті. «Peikko Group» өкілдері кездесуді өте өнімді әрі қызықты деп бағалап, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту маңызды екенін атап өтті.
Айта кетейік, PEIKKO – Финляндияда орналасқан құрылыс технологиялары мен компоненттерін өндіруші компания. 1965 жылы құрылған, PEIKKO құрылыс секторына арналған алдын ала дайындалған бетон конструкциялары мен құрылыс жабдықтарын шығарады. Компания әлемнің 30-дан астам елінде жұмыс істейді, ал зауыттары 12 елде орналасқан. PEIKKO инновациялық шешімдер мен технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөледі, бұл оларға нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті сақтауға көмектеседі.
Компанияның негізгі өнімдеріне күшейтілген бетон элементтері, қосылыстар және құрылыс әдістері жатады.
Фото: gov.kz
204 рет
көрсетілді0
пікір