- Аймақ тынысы
- 19 Қыркүйек, 2024
Маңғыстауда 70 мектептің асханасы тексерілді
Маңғыстауда мектептердегі тамақтану сапасын бақылау мақсатында құрылған ведомствоаралық сараптамалық топ өз жұмысын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.
Өңірлік білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлығы 12 сараптамалық топтың құрамында білім басқармасы мен білім бөлімдерінің қызметкерлері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, ата-аналар бар.
Сараптамалық топтың бару кестесіне сәйкес бүгінгі күнге дейін 70 мектепке мониторинг жүргізілді. Мониторинг топтарының жұмыс қорытындысы бойынша тиісті шаралар алынатын болады.
547 рет
көрсетілді0
пікір