Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 24 Қыркүйек, 2024

WKF каратэ: Жоламан Биғабыл мен Нұрқанат Әжіқанов Азия чемпионы атанды

Қытайдың Ханчжоу қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XX Азия чемпионаты аяқталды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.

Биыл құрлықтағы 30 елден таңдаулы 300-ден астам татами шебері күш сынасты. Бұл қатарда ел намысын кумите бағдарламасында 19 отандасымыз қорғады.

Нәтижесінде 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медальге қол жеткізді. Финалда Жоламан Биғабыл (-55 кг) Омар Шакраны (Иордания), ал Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) болса Кувончбек Мухаммадиевті (Өзбекстан) ұтып, өз салмағында жеңімпаз атанды. Нұрқанат жартылай финалда әлем чемпионы Бахман Аскари Гончехті айқын басымдықпен ұтқан (7-1).

Ақтық сынға шыққан тағы бір отандасымыз Әсел Қанай (-61 кг) күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар кумитеден ерлер командасы 2-орын алды. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) қола медаль иегері атанды. Жарыс нәтижесі бойынша ерлер командасы әлем кубогына жолдама алды.

Қазақстан жалпы есепте Жапония мен Вьетнамнан кейінгі 3-орынға тұрақтады.

Фото: gov.kz

656 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз