Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 24 Қыркүйек, 2024

Үстел теннисінен Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

Үстел теннисінен 6-13 қазан аралығында Астана қаласындағы Beeline Arena спорт кешенінде Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.

Қазақстан спорттың бұл түрінен алғаш рет құрлық додасын қабылдайды. Бір аптаға созылатын бәсекеде 7 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Құрлық жарысы болғанымен, деңгейі әлем чемпионатынан еш кем түспейді.

Париж Олимпиадасында 5 жүлде жиынтығына 60 ел талас жүргізсе де, тек 6 мемлекет тұғырдан көрінді. Олардың арасында Азия құрлығынан Қытай, Жапония, Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея бар.

Қазақстаннан 10 спортшы қатысады: Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Искандер Харки, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Миркадирова, Зәуреш Акашева, Анастасия Лаврова, Әнел Бақыт, Ангелина Романовская;

XX ғасырдың ортасынан бері ұйымдастырылып келе жатқан айтулы бәсекеде бүгінге дейін тек 10 мемлекет жүлде алған. Фото: gov.kz

735 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз