- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 26 Қыркүйек, 2024
100-ден астам қазақстандық әйел сайлауға қатысу бойынша оқудан өтті

Әйелдердің саяси белсенділігі мен көшбасшылық қасиетін арттыруға бағытталған тренингтер аяқталды. Іс-шараны Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.
Тренингтер Көкшетау, Орал, Өскемен, Петропавл және Шымкент қалаларында өтті. Оған сайлауға түскен немесе жоспарлаған 100-ден астам әйел, ҮЕҰ басшылары, азаматтық қоғам белсенділері қатысты.
Үш күндік оқу бағдарламасы саяси көшбасшылық пен науқанды басқарудың негізгі мәселелерін қамтыды.
Бірінші күні қатысушылар трансформациялық көшбасшылық қағидаттарымен танысты.
Екінші күні сайлау округін талдау, саяси партиялармен жұмыс істеу және жеке оқиғаны баяндау негіздері үйретілді.
Үшінші күн сайлаушылармен стратегиялық өзара байланыс, фандрайзинг және қаржылық жоспарлау тақырыбына арналды.
Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар ұсынылып, сарапшылар тарапынан баға беріліп, ұсыныстар айтылды.
Фото: gov.kz

385 рет
көрсетілді0
пікір