- Айна
- 26 Қыркүйек, 2024
Алматыда Қарттар айлығы басталады
1-30 қазан аралығында қалада Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
Айлықтың мақсаты – аға буын өкілдерінің белсенділігі мен талантын көрсету және олардың қоғамға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өту.
Бұл айлық аясында Алматы қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» зейнеткерлердің қатысуымен өтетін іс-шаралар:
1 қазан сағат 11.00-де – Тұңғыш Президент саябағында скандинавиялық серуендеу фестивалі: флешмоб, көрсетілімдер және шығармашылық нөмірлер
1-4 қазан аралығында – Тарихи музейде зейнеткерлердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі.
4 қазан сағат 11.00-де – Ават ауылында «Астық мерекесі»: концерт, марапаттау және «Табиғат сыйы» көрмесі.
10 қазан сағат 14.00-де – «Қазақконцерт» ғимаратында «Асыл қазынам» ұзақ өмір сүру фестивалі: концерттер, флешмоб, дефиле және шеберлік дәрістері.
18 қазан сағат 11.00-де – «Атакентте» зейнеткерлердің қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі.
30 қазан сағат 14.00-де – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Менің жылдарым – менің байлығым» ұзақ өмір сүру балы: билер, дефиле және сән көрсетілімі.
Ай бойы зейнеткерлерді концерттер, кездесулер, экскурсиялар, театрлар мен музейлерге бару, заңгерлік кеңестер және «60+ кәсіби бағдар» семинарлары және басқа да көптеген іс-шара күтеді.
481 рет
көрсетілді0
пікір