Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 28 Қыркүйек, 2024

"Гарри Поттерде" ойнаған Мэгги Смит 89 жасында өмірден өтті

Маргарет Натали Смит көпшілікке Мэгги Смит есімімен танымал. Ол 1934 жылы 28 желтоқсанда Ұлыбританияның Эссекс аймағында Илфорд қаласында дүниеге келген.

Оксфорд университетінде білім алған. Сахнаға алғаш рет осы оқу ордасының қабырғасында шықты. 1952 жылдан бастап кәсіби театрда ойнаған. Ал кинода көбінде қатал мінезді адамдардың рөлін сомдады. Соның бірі – "Гарри Поттердегі" профессор Минерва Макгонагал.

2007 жылы Смит сүт безі қатерлі ісігіне шалдықты, бұл "Гарри Поттердің" алтыншы бөлімін түсіру кезінде белгілі болды.

Мэгги Смит – екі мәрте "Оскар", жеті мәрте BAFTA, сондай-ақ, "Алтын глобус" сыйлығының үш дүркін иегері.

1119 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз