- Айна
- 30 Қыркүйек, 2024
Алматыда 420 орындық жаңа мектеп салынады
Наурызбай ауданында жекеменшік жалпы білім беретін мектептің құрылысы басталды. Жобаны «Almaty Finance» ЖШС және «Orken Education» ЖШС қаржыландырады. Алғашқы 200 млн. теңге материалдарды сатып алуға және бірінші қабатты салуға жұмсалды, тағы 288 млн. теңге құрылыс пен жарақтандыруды аяқтауға бөлінді.
Мектеп 2025 жылы жазда ашылады, бұл аудандағы мектеп тапшылығын шешуге көмектеседі. 50 жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке түсетін салық көлемі артпақ.
319 рет
көрсетілді0
пікір